Уақытты пайдалы өткізу

28.03.2020

Коронавирус үстел теннисінен барлық әлем шеберлерінің дайындық жоспарын өзгертті, ал чемпионаттарды, турнирлерді кейінге қалдыру оларды жарыс тонусынан айырды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының, Ел үкіметінің ұсынымдарын басшылыққа ала отырып, теннисшілер оқшаулануды сақтауда және үй жағдайларында уақыттарын пайдалы өткізуде. Әлем бойынша танымал #StayHome (Үйде қалу), #SafeTableTennis (Қауіпсіз/қорғалған үстел теннисіне) спорт шебері, еліміздің қыздар арасындағы екі дүркін чемпионы, Қазақстанның 2020 жылғы командалық есептегі чемпионы Гаухар Алмағамбетова (Орал, жаттықтырушысы Сарвар Назарова) қосылды (бейнетаспа). https://www.instagram.com/p/B-RLH9tnlGq/

Талап Қойбағаров