Үстел теннисі бойынша Қазақстан құрамасы Индонезияда 14 (әйелдер) және 15 (ерлер) орындарда Азия чемпионатының командалық турнирін аяқтады. Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева, Гүлчехра Құсейінова Филиппин құрамасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Осындай есеппен Кирилл Герасименко, Бекұлан Жамал, Айдос Кенжеғұлов Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сол аралдық мемлекеттің теннисшілерін жеңді. Бүгін біздің спортшылар аралас разрядтағы өз матчтарын аяқтады: Айдос - Зәуреш малазиялықтарға 2:3 есебімен жол берді, олар кездесу кезінде 2:0 есебімен алдыда келе жатқан болатын. Кирилл-Настя (суретте) Макаодан 3:1 есебімен басым түсті, бірақ Гонконг ойыншыларынан 0:3 есебімен ұтылып қалды. Азия чемпионаты жалғасуда.
Талап Қойбағаров