Тәжірибелік оқытумен сертификатталған курс

21.02.2026

Астанадағы "ADD Table Tennis Center Astana" орталығында республикалық спорт федерацияларының тарихында алғаш рет European Resuscitation Council халықаралық стандарттары бойынша автоматты сыртқы дефибриллятормен (AED) жұмыс істеуге тәжірибелік оқытумен базалық жүрек-өкпе реанимациясы (ЖӨР) бойынша сертификатталған курс өтті.

"ADD Table Tennis Center Astana" орталығының жаттықтырушылары, төрешілері мен қызметкерлері заманауи манекендерде базалық жүрек-өкпе реанимациясының алгоритмдерін пысықтады, автоматты сыртқы дефибрилляторды қолдануды игерді және белгіленген үлгідегі халықаралық сертификаттарды алды.

Әлеуметтік бастама және спортты дамытуды қолдау аясында "Mindray" компаниясы орталыққа заманауи автоматты сыртқы дефибрилляция аппаратын тапсырды.

Сыртқы дефибрилляция аппаратының (AED) болуы ірі жарыстарды өткізу үшін міндетті талап болып табылатынын және қолданыстағы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетінін, шұғыл көмек көрсетуге дайындығын едәуір арттыратынын атап өту маңызды.

Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының Вице-президенті Жаннур Калигожин атап өткендей, бұл тәжірибе базалық реанимациялық көмекті тәжірибелік оқытумен және спорт нысандарында AED аппараттарын орнатумен еліміздің басқа өңірлеріне берілетін болады.

Қазақстан Үстел теннисі федерациясы және "University Medical Center" корпоративтік қорының нұсқаушылар командасымен бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға Қазақстан Республикасының штаттан тыс бас анестезиолог-реаниматологы Тимур Капышев қатысты.






Талап Қойбағаров