Суперлиганың әйелдер командалары арасындағы Ресей үстел теннисі Федерациясының құрлықтық чемпионатының екінші туры Чебоксарда аяқталды. Қазақстандық TTC "Astana" төрт жеңіске жетті, төрт рет қарсыластарына жол берді, 16 теннис ұжымы арасында 8-ші орынға ие болды: «СШОР» (Ногинск) 3:2, «Сентябрь» (Сосновый бор, Ленинград облысы) 3:1, «Темп» (Ярославль) 3:0, «Борей» (Санкт-Петербург) 3:2, «ЦОП-2» (Краснодар) 0:3, «Калинка» (Мәскеу) 1:3, «МФНТ-Кадет» (Мәскеу) 1:3, «ЦОП-1» (Краснодар) 1:3.
Жасөспірімдер
мен кадеттер арасындағы Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Евгений Тимченконың пікірі: "Спортшылардың алдына қойылған негізгі міндеттері істелуде: қыздар өсіп,
тәжірибе жинақтап, мінездері қатайуда. Әрине, турнирлік кестедегі орын
жоғары болуы да мүмкін еді, өзіміздің үш ойынымызда есемізді жіберіп алдық,
бірақ, бізге осындай жеңілістер де пайдалы болады. Барлық
ойындар қызу және бұл қазақстандық жас спортшылар үшін тамаша мектеп. Біз республикалық федерацияға бізге үйренуге мүмкіндік бергені үшін
ризамыз".
Талап Қойбағаров