Тәжірибе, жастық пен шеберліктің үйлесімі

15.10.2020

Супер және Жоғары лигалардағы үстел теннисінен Қазақстанның ашық чемпионатына қатысушы клубтармен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгін мықты дивизионда жақсы өнер көрсетіп жүрген "Қарағанды-1" клубының кезегі келді. Бірінші айналымнан кейін 9 ойын өткізіп, 4 жеңіске жетіп, 22 жастағы Владислав Захаров, 16 жастағы Темірлан Ким, 14 жастағы Әмір Торғайбеков, 13 жастағы Алан Құрманғалиев турнирлік кестеде 10 команда арасында 6-орынға жайғасты. "Қарағанды-1" клубының ойыншы жаттықтырушысы, спорт шебері, аралас разрядтағы 2020 жылғы ел чемпионы Владислав Захаров әңгімелейді:

"Бірінші айналымда біз толық құрамда ойнаған жоқпыз, командаға қосымша жеңіс ұпайларын әкелетін Темірлан Ким болған жоқ. Барлық қарсыластармен кездесу біз үшін маңызды болды және көп пайда әкелді, сондай-ақ ойлануға көмек берді. Чемпионаттың алдағы қорытынды турына бізге кіші ракетканың тәжірибелі шебері Эрик Райтер қосылды және онымен бірге біз жоғары орындарға дайындалудамыз. Эрик - жақсы доп беретін өткір шабуылдаушы ойыншы және ол табиғаты бойынша күрескер. Темірлан Ким - дарынды спортшы. Бірақ оған тұрақтылық пен сабырлық жеткіліксіз, алайда ол әр турмен шеберлігін арттыруда. Алан Құрманғалиев - команданың ең жас әрі болашағы зор спортшысы. Бірінші және екінші нөмірде ойнай алады. Үлкен жеңістерге жеткенді жақсы көреді, Суперлиганың барлық жетекші теннисшілеріне шайқас береді, ал кейбіреулерінен басым түседі. Әмір Торғайбеков - біздің бойтұмарымыз. Әзірге оның деңгейі осы жарыстар үшін жеткіліксіз, бірақ ол өте тырысып, көптеген тәжірибе мен пайда алатыны байқалады. Жақын арада ол келесі деңгейге өтіп, бізге көмектесе алады деп үміттенемін және сенемін".

Талап Қойбағаров