Словенияның шығыс бөлігінде орналасқан Оточец курорттық қаласында Challenge сериясындағы үстел теннисі бойынша дәстүрлі Әлемдік Туры өтуде. Оған 353 спортшы қатысуда олардың ішінде Орал қаласының спорт шебері Айдос Кенжеғұловта бар. Біздің спортшы жеке турнирде біліктілік раундынан өте алмады, ал жұптық сында австриялық Давид Сердароғлұмен бірге (суретте) екі жеңіске жетті: Абұләзиз Шұлауби – Әли Алхадрави (Сауд Арабиясы) 3:0, Антон Котов - Александр Тютрюмов (Ресей) 3:2. 1/8 финалда Қазақстан - Австрия дуэті венгрлік ойыншылар Нандор Эчеки - Бенц Майорошқа жол берді.
Талап Қойбағаров