Тұғырға тек алтауы ғана жетті

04.10.2019

Алматыда үстел теннисінен "Оңтүстік астана " атты 21-ші халықаралық турнирі аяқталды. Жүз жиырма қатысушының арасында медальдарға тек алтауы ғана қол жеткізді (үш ер және үш әйел). Өткен жылғы турнирдің чемпионы Зәуреш Ақашева (Қарағанды) осы жолыда алтын және ақшалай жүлдені ұтып алды. Жартылай финалда Зәуреш дарынды Сарвиноз Мірқадірованы (Шымкент) жеңді, ал финалда республикалық спартакиаданың чемпионы Анастасия Лаврованы (Нұр-Сұлтан) ұтып кетті. Розалина Қажиева (Өзбекстан) қола жүлдені иеленді.

Ерлер арасында Илья Березин (Орынбор) көзге түсті. Екінші орында "Оңтүстік астананың" 2018 жылғы чемпионы Илья Жидков (Екатеринбург), ал үшінші орында Денис Жолудев (Өскемен).


Талап Қойбағаров