Тыныс кеңейеді

15.12.2020

Түркістан облысының Біркөлік шатқалында орналасқан "Айна Бұлақ" тау курортында үстел теннисінен Шымкент командасынан 4 тәлімгер мен 20 спортшы оқу-жаттығу жиынын (ОЖЖ) өткізуде. Аға жаттықтырушы, спорт шебері Ердәулет Оразбаев әңгімелейді: "2021 жылдың қаңтар айының бірінші жартысында Қарағандыда Қазақстан чемпионаты өтеді және біз осы жауапты іс-шараға қарқынды дайындалудамыз. 2003 жылдан бастап Шымкент теннисшілері еліміздің ересектер, жастар, жасөспірімдер арасындағы чемпионаттарынан түрлі дәрежедегі медальдарды үйге алып келуде және бұл біздің бас тартқымыз келмейтін жақсы дәстүрімізге айналды. ОЖЖ - да бізде мынандай келесі міндеттер бар: спортшылардың жалпы дене даярлықтарын жақсарту, күшті, жылдамдықты, төзімділікті дамыту, техникалық даярлықты жетілдіру, тактикалық элементтерді игеру. Дәрігерлік-медициналық бақылау мұқият түрде жүргізіледі. Бұл жерде маусым қарсаңындағы дайындықтар үшін тамаша жағдайлар жасалған: кең аумағы бар сапалы қонақ үй, күн шуақты ауа-райы, тынысты кеңейтетін - таудың ауасы".

Талап Қойбағаров