Неміс Бундеслигасында үстел теннисінен үшінші тур өтті және Кирилл Герасименконың "Вердер" (Бремен) клубы Бергнойштадтта 0:3, Фульдада 2:3 есебімен жеңілістен кейін маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Кеше Бремен ойыншылары "ТСВ Бад-Кенигсхофенді" 3:1 есебімен жеңіп, чемпионаттың турнирлік кестесінде жағдайларын сәл жақсартты.
Бірінші болып әлемнің вице-чемпионы Маттиас
Фальк (Швеция) француз Абдель-Кадер Салифті 3:0 есебімен жеңді. Одан кейін,
"ТСВ Бад-Кенигсхофен" клубының үздік ойыншысы 2012-2016ж.ж. Олимпиада
ойындарының қола жүлдегері - Бастьян Штегер (Германия), Марсело Агиррені
(Италия) 3:0 есебімен жеңіп, командалардың жағдайын теңестірді. Біздің Кирилл Герасименко (Қазақстан) жастар арасындағы Еуропа чемпионы
Килиан Ортоны (Германия) 3:1 есебімен сенімді түрде жеңіп кетті, ал матчтың соңғы
нүктесін Маттиас Фальк - Бастьян Штегер 3:0 есебімен қойды.
Суретте "Вердер" (Бремен) клубының теннисшілері Маттиас Фальк,
Кирилл Герасименко
Талап Қойбағаров