Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында он сегіз жас және одан кіші, он бес жас және одан кіші жас санаттарында Қазақстанның мықты спортшыларының турнирі басталды. Бірқатар объективті себептер бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Сарвиноз Мирқадірова (Шымкент) жарысқа қатыспайды және бірден бірнеше теннисшілердің жексенбіде құрмет тұғырының жоғарғы сатысына көтерілу мүмкіндігі пайда болды.
Бүгін кіші топтарда матчтар өтті. Үлкен қыздар арасында
Александра Смирнова мен Жанерке Көшкімбаева жеңіліссіз келе жатыр, ал кіші қыздар
арасында Елизавета Лаврова (Астана), Шұғыла Мұқаш (Тараз) көшбасшылыққа ие
болды. Ұлдар арасында алға шыққандар Темірлан Балташ (Қостанай), Нұрислам Қасым
(Шымкент) - бұлар 2007 ж.т. және Ши Данян (Алматы), Темірлан Ким (Қарағанды) -
2004 ж.т. Турнир жалғасуда.
Талап Қойбағаров