Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында он сегіз жас және одан кіші, он бес жас және одан кіші жас санаттарындағы Қазақстанның мықты ұлдары мен қыздарының турнирі аяқталды. Жүз пайыздық нәтижені барлық 15 кездесуде жеңіске жеткен Нұрислам Қасым (Шымкент) көрсетті. Елизавета Лаврованың (Астана) 14 жеңісі бар.
Үлкен топта Тимофей
Герасименко (Астана, 14 ойында 11 жеңіс) және Жанерке Көшкімбаева (Қарағанды, 14 ойында 12 жеңіс) чемпион атанды.
2004 ж. т. және одан кіші ұлдар:
1 орын Тимофей Герасименко (Астана)
2 орын Ши Данян (Алматы)
3 орын Темірлан Ким (Қарағанды).
2004 ж.т және одан кіші қыздар:
1 орын Жанерке Көшкімбаева (Қарағанды)
2 орын Александра Смирнова (Қарағанды)
3 орын Виктория Мочалкина (Қарағанды).
2007 жылы туған және одан кіші ұлдар:
1 орын Нұрислам Қасым (Шымкент)
2 орын Арнұр Оралханов (Өскемен)
3 орын Темірлан Балташ (Қостанай).
2007 жылы туған және одан кіші қыздар:
1 орын Елизавета Лаврова (Астана)
2 орын Ақниет Амангелді (Шымкент)
3 орын Шұғыла Мұқаш (Тараз).
Талап Қойбағаров