Турнирде барлық қарсыластар мықты

15.09.2023

Свердлов облысының Верхняя Пышма қаласында Владимир Белоглазовты еске алуға арналған үстел теннисінен III халықаралық турнирде бірінші ойын күні өтті. Жекелей сында Ресейдің 28 өңірінен, сондай-ақ Армения, Беларусь, Қазақстан, Өзбекстандық 128 спортшы ұлдары мен қыздары (64 + 64) өнер көрсетуде.

Сегіз топта сегіз спортшы бар. 1-ші және 2-ші орын алғандар бірінші жартылай финалдық кезеңге шығады, 3-ші және 4-ші орындар екіншіге, 5-ші және 6-шы орындар үшіншіге, ал соңғының алдындағы және соңғы орындар төртінші жартылай финалға (57-64 орындар) шығады.

Бүгін қазақстандықтар келесі нәтижелерді көрсетті:

Әкежан Ерланұлы (2 жеңіс, 3 жеңіліс), Абай Жұмағұл (+2, - 3), Каролина Бондарь (+1, - 4), Эльмира Мұхаметқалиева (-5), Дулат Ералхан (-5).

Ертең турнирге қатысушылар топтарында тағы екі матч өткізеді.


Талап Қойбағаров