Турнир барлық күткеннен де асып түсті

18.07.2026

Қарағандыда үстел теннисінен "Сарыарқа-2026" Жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнирі аяқталды. Жарыстың тамаша ұйымдастырылуын, жақсы қабылдауды жаттықтырушылар мен спортшылар атап өтті.

Георгий Цой - Өзбекстанның Ташкент облысының жаттықтырушысы:

"Көптеген жылдар бойы Қарағандыдағы барлық турнирлерге, клубтық чемпионаттарға қуана келудеміз. Осы жолыда "Сарыарқа-2026" турниріне қатыстық. Барлығы жоғары деңгейде өтті, көптеген қызықты матчтар болды. Турнир ұйымдастырушыларына рахмет".


Татьяна Ильина - Санкт-Петербургтен келген жаттықтырушы:

"Біз Қарағандыға алғаш рет келдік және бізге "Saryarka" үстел теннисі орталығы өте жақсы ұнады. Бұл турнир керемет, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Қазақстанмен жарыстық. Біздің барлық қарсыластарымызда әртүрлі ойын стильдері бар, кездесулер қызықты болды".


Атай Касымов - Бішкек спортшысы:

"Сарыарқа-2026" турниріне шақырғандарыңыз үшін рахмет. Қатысушылардың өте мықты құрамы болды, барлығы өте жақсы деңгейде ұйымдастырылған, заманауи үстел теннисі орталығы - келесі жылы міндетті түрде сіздерге тағыда келеміз".


Финал, ұлдар 2013 ж.т. және одан кіші.

Хусейн Искандаров - Амир Шириев (екеуіде Өзбекстан) 3:2.


3 орын Олег Яковлев (Қарағанды).

3 орын Дулат Ералхан (Шымкент).


Финал, қыздар 2013 ж.т. және одан кіші.

Олеся Ильина (Санкт-Петербург) - Жания Бекмухамбетова (Қостанай) 3:0.


3 орын Аделя Әлжанова (Қызылорда).

3 орын Назерке Болатбек (Түркістан).


Финал, ұлдар 2010-2012 ж.т.

Алексей Маркин (Алматы) - Асылхан Магзумбеков (Қарағанды) 3:2.


3 орын Нурдаулет Азаматулы (Өскемен).

3 орын Ердаулет Беккулы (Түркістан).


Финал, қыздар 2010 -2012 ж.т.

Аделина Хасанова - Аружан Камалова (екеуіде Ташкент облысы) 3:0.


3 орын Мария Лукьянова (Қарағанды).

3 орын Мафтуна Ханиязова (Түркістан).


Финал, ұлдар 2007 -2009 ж.т.

Алан Курмангалиев (Қарағанды) - Касым Нурислам (Шымкент) 3:0.


3 орын Диёрбек Дильшодов (Ташкент облысы).

3 орын Хуршид Ахмедов (Ташкент облысы).


Финал, қыздар 2007-2009 ж.т.

Асель Еркебаева (Ташкент облысы) - Альбина Жаксылыкова (Қарағанды) 3:1.


3 орын Дарья Фу (Қарағанды).

3 орын Нурсая Нурман (Өскемен).


Талап Қойбағаров