17 мамырда республикалық үстел теннисі Федерациясының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев туған күнін атап өтеді.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізді шын жүректен құттықтаймыз! Үйіңізге бақ қонсын, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың жүрегінде махаббат және тыныштық орнасын, барлық істеріңіз бен бастамаларыңыз жетістікке жетсін. Біз Сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат және Қазақстан Республикасының игілігі үшін төзімділік тілейміз. Сізге, елдегі үстел теннисінің дамуына сіңірген еңбегіңіз үшін көп рахмет айтамыз.