Туған күніңізбен!

13.10.2026

13 қазанда Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулгазин туған күнін атап өтеді.

Құрметті Данияр Рустэмович! Федерация ұжымы, жаттықтырушылар, спортшылар, ардагерлер мен үстел теннисін сүйетін жандар Сізді туған күніңізбен құттықтайды!

Сіздің қосқан үлесіңіз бен қолдауыңыздың арқасында Қазақстанда үстел теннисі дамуын жалғастырып, спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып, еліміздің халықаралық спорт аренасындағы беделі нығая түсуде. Инфрақұрылымды дамытуға, спортшыларды даярлауға және халықаралық жарыстарды өткізуге бағытталған қолдауыңыз жаңа жетістіктерге жетуге және спорт түрімізді кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

Сізге зор денсаулық, бақыт, бақ-береке және ауқымды жоспарларды жүзеге асыруға сарқылмас күш-қуат тілейміз! Бастамаларыңыз сәтті жүзеге асып, кәсіби қызметіңіз толайым табыстарға жетелесін. Әрдайым сенімді серіктестер мен пікірлес жандардың ортасында болып, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!