Бүгін Қазақстан Республикасы ашық командалық чемпионатының ұйымдастыру комитетінің директоры, Азия үстел теннисі Одағының техникалық және төрешілер комитетінің мүшесі, Әлем, Азия чемпионаттарының, Олимпиада ойындарының шешуші кезеңдеріндегі матчтарда төрелік етуге құқық беретін, еліміздегі «Blue Badge» санатындағы жалғыз халықаралық төреші - Тимур Ходжаев туған күнін атап өтуде.
«Сізді туған күніңізбен құттықтаймыз! Осы жауапты жұмыста
шыдамдылық, қайраттылық, әділдік тілейміз. Әр күн сіз үшін сәтті болсын, кәсіби
жетістіктеріңіз арта берсін, ал өмір еңбегіңіз үшін марапаттай берсін, жақындарыңыз
әрқашан да қолдау көрсетсін. Мықты денсаулық, сәттілік!
Құрметпен, Республикалық үстел теннисі Федерациясының ұжымы,
жаттықтырушылар Кеңесі, спортшылар».

