7 маусымда туған күнін Айдос Кенжигулов атап өтеді - ол үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жеке разрядтағы ел чемпионатының күміс жүлдегері және командалық есептегі алтын медаль иегері, «Stockerau» клубының (Што́ккерау) құрамында Австрия Кубогының иегері, әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы.
«Айдос, туған күніңізбен құттықтаймыз! Әрқашанда биіктікте болыңыз, сіздің күш-жігеріңіз, еңбектеріңіз марапаттар, жүлделер мен кубоктар әкеле берсін. Сәттілік, керемет көңіл-күй, мықты денсаулық әрқашан сіздің өміріңізбен бірге жүрсін.
Құрметпен, Республикалық үстел теннисі Федерациясының ұжымы, жаттықтырушылар Кеңесі, спортшылар!»