Туған күніңізбен!

30.03.2025

Бүгін туған күнін үстел теннисінен ҚР спорт шебері, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Самат Бейсенов атап өтуде - ол жеке есептегі екі дүркін ел чемпионы, командалық, жұптық және аралас разрядтарда бірнеше дүркін чемпион, Республикалық Спартакиаданың қола жүлдегері.

«Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясының ұжымы, жаттықтырушылар кеңесі туған күніңізбен құттықтайды! Сіздің сүйікті спорт түріне деген адалдығыңыз, жігерлілігіңіз, белсенді өмірлік ұстанымыңыз, кәсібилігіңіз жоғары құрметке лайық. Сізге зор денсаулық, сергектік, отбасылық амандық және жаңа жетістіктер тілейміз!».