Туған күніңізбен!

18.03.2025

Бүгін туған күнін Ангелина Романовская атап өтеді - ол спорт шебері, үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, жұптық разрядтағы ел чемпионы, командалық есептегі «Qualification Tournament Asian Junior Championships» жеңімпазы, республикалық Спартакиаданың қола жүлдегері, Е.Китаевты еске алуға арналған халықаралық турнирінің алтын жүлдегері, Әлем чемпионатының, Азия ойындарының қатысушысы.

«Туған күніңізбен, Ангелина! Шын жүректен денсаулық, спорттық табыс және сарқылмас ерік-жігер тілейміз. Әр күніңіз жаңа жетістіктерге, рекордтар мен жеңістерге толы болсын. Әрқашан биіктерге жетіңіз, дамыңыз, шыңдала беріңіз. Бақыт және сіздің барлық бастамаларыңызға сәттілік пен оптимизм тілейміз.

Құрметпен, Республикалық үстел теннисі Федерациясының ұжымы, жаттықтырушылар Кеңесі, спортшылар».