17 қарашада туған күнін кеңестік/қазақстандық үстел теннисінің ардагері Татьяна Клинге (Медведева, Қарағанды-Стокгольм) атап өтеді - ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері, миксте 1991 жылғы ТМД чемпионы, жеке есептегі 1993 жылғы Ресей чемпионы, кадеттер арасындағы 1984 жылғы Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері, кадеттер арасындағы 1984 жылғы КСРО біріншілігінің күміс жүлдегері, 1993 жылғы Венгрия және 1995 жылғы Швеция чемпионаттарының жүлдегері. 1994 жылдан бастап Швецияда тұрады.
«Туған күніңізбен, Татьяна! Құттықтауларымызды қабыл алыңыз.
Сізге әйел бақытын, өмірге деген сүйіспеншілік және рухани үйлесімділік, мықты
денсаулық тілейміз. Сіздің спорттық жетістіктеріңіз, кәсібилігіңіз, оптимизміңіз
және жеңіске деген ерік-жігеріңіз Қазақстанның ракетка шеберлерінің жас буыны үшін
жарқын үлгі болып табылады! Әрқашан мейірімді, көңілді, оптимистік болып қала
беріңіз!
Құрметпен, Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясының ұжымы, жаттықтырушылар Кеңесі, спортшылар!».