5 қазанда туған күнін Республикалық үстел теннисі федерациясының вице-президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты Елсияр Қанағатов атап өтеді. Оның кәсіби еңбегін ел басшылығы, ҚР Туризм және спорт министрлігі жоғары бағалауда:
- "Құрмет" ордені;
- медальдар;
- "Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен
спортты дамытудағы еңбегі үшін" белгісі;
- ҚР құрметті спорт қайраткері;
- ҚР туризмінің құрметті қайраткері.
"Қазақстанның үстел теннисі федерациясы, жаттықтырушылар кеңесі, спортшылар Елсияр Баймұхамедұлын туған күнімен шын жүректен құттықтайды және біздің спорт түрін одан ары дамытуды, тек жеңіске ғана жігерленіп, белсенді болуды, мықты денсаулық, отбасылық өмірдегі амандық және жақсы көңіл-күй тілейді!».