Астанада кәсіби мереке қарсаңында ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ардагерлерге, атақты спортшыларға, отандық спортты насихаттауға үлес қосатын сала қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградаларды, құрмет грамоталарын, алғыс хаттарды табыс етті.
Нұрлан
Оразбаев Байзақұлы - Шымкент қаласы жоғары спорт шеберлігі
мектебінің үстел теннисінен аға жаттықтырушысы, "денеге шынықтыру мен
спортқа сіңірген еңбегі үшін" («За заслуги в развитии физической культуры
и спорта») төсбелгісімен марапатталғандардың қатарында екендігін атап айтуға болады.
Оның
жаттықтырушылық қызметтегі еңбек өтілі 36 жыл және осы уақыт ішінде Нұрлан
Байзақұлы ҚР 6 спорт шеберін, Қазақстан чемпионаттарының, республикалық
спартакиаданың, Жастар спорт ойындарының, ҚР оқушылар спартакиадасының, Ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері
атанған спорт шеберіне 40-тан астам кандидатты дайындады.
Құрметті
марапатпен құттықтаймыз!
Талап Қойбағаров

