Құттықтаймыз!

25.10.2025

Республика күні қарсаңында Ел Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқаны, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтқаны, белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында спорт қайраткерлері, соның ішінде Қазақстан үстел теннисі Федерациясының өкілдері де бар.

"Құрмет" орденімен Федерацияның бас хатшысы Данил Пак, "Ерен еңбегі үшін" медалімен атқарушы директор Данияр Ахметов, халықаралық байланыстар жөніндегі менеджер Адиль Абельдинов марапатталды.

"Алғыс хат" заңгер Динара Ержановаға, бухгалтер Адия Ораздановаға табысталды.