Құттықтаймыз!

17.05.2025

17 мамырда Искендер Харки туған күнін атап өтеді - ол үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі, ҚР спорт шебері, жұптық разрядтағы ел чемпионы, «WTT Youth Сontender Cairo» (Мысыр) турнирінің қола жүлдегері, республикалық ТОП-12 турнирінің жеңімпазы, ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, жастар арасындағы Қазақстан біріншілігінің алтын жүлдегері, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушысы.

«Туған күніңізбен құттықтаймыз! Сізге жарқын жеңістер мен жетістіктер, тұғырларды бағындыру және, әрине, зор денсаулық тілейміз. Мақсатты болыңыз, өз күшіңізге сеніңіз, біз сізді әрқашан қолдаймыз. Құрметпен, Республикалық үстел теннисі Федерациясының ұжымы, жаттықтырушылар Кеңесі, спортшылар».