10 сәуірде үстел теннисінен Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Евгений Тимченко туған күнін атап өтеді, оның тәрбиеленушілері Пекиндегі жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан (Марина Шумакова), халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған, ел чемпионатының алтын, күміс және қола медальдарын жеңіп алған, «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағына ие болған.
«Евгений Анатольевич, туған күніңізбен! 37 жыл бойы сіз жаттықтырушылық
жұмыста болудасыз және өз ісіңіздің маманы ретінде сіз тәрбиеленушілеріңізді
позитивті түрде қуаттай аласыз, оларға егерде тынымсыз жұмыс жасап, тер төгіп
жаттықсаңыздар міндетті түрде мақсаттарыңызға жетесіздер деп сенімділік ұялатып
күш-жігер бересіз. Сарқылмас күш-қуат, өмірде сәттілік, денсаулық, отбасылық
амандық және сіздің жаттықтырушылық жолыңызда көптеген қабілетті оқушылар
тілейміз. Құрметпен, Республикалық үстел теннисі Федерациясының ұжымы, жаттықтырушылар
Кеңесі, спортшылар».