12 ақпанда - Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Анель Бахыттың туған күні.
Ол әйелдер жұбы мен миксте ел чемпионы, жеке разрядтағы қола
жүлдегер, жұптық разрядтағы республикалық Спартакиаданың жеңімпазы, қыздар
арасындағы ҚР біріншілігінің алтын жүлдегері, халықаралық турнирлердің жүлдегері.
«Анель, туған күніңізбен құттықтаймыз! Сіздің мақсаттылығыңыз,
еңбекқорлығыңыз тамаша нәтижелерге қол жеткізуге, республикалық ғана емес,
сонымен қатар халықаралық деңгейдегі құрмет тұғырына көтерілуге көмектессін.
Отбасылық амандық, денсаулық, бақыт, сәттілік тілейміз!
Құрметпен, Республикалық үстел теннисі Федерациясының ұжымы, жаттықтырушылар Кеңесі, спортшылар».