Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығымен Абдулла Мамайға үстел теннисінен "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағы берілді.
Абдулла - Алматы құрама командасы құрамында Қазақстан
Кубогының екі дүркін иегері, миксте "WTT Youth Contender Batumi" халықаралық
турнирінің жеңімпазы, командада және жұптық разрядта 2024 жылғы ел чемпионатының
жүлдегері, Республикалық жастар чемпионатының бірнеше дүркін алтын, күміс, қола
жүлдегері.
"Қазақстан Республикасының спорт шебері" атағымен құттықтаймыз. Сізге қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмауды, еңбек етуді жалғастыруды, жарқын жеңістер мен құрмет тұғырын бағындыруды тілейміз. Денсаулық, сәттілік, туыстарыңыз бен жақындарыңыз әрқашан сізді қолдасын және ерік күш жігер әрқашан сізбен бірге болсын! Құрметпен, Республикалық үстел теннисі Федерациясының ұжымы, жаттықтырушылар Кеңесі, спортшылар".