Құттықтаймыз!

22.05.2024

"Шаңырақ" олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған колледжінің оқушысы, үстел теннисінен еліміздің жастар құрамасына үміткер Абдул-Маджид Харки (Жамбыл облысы) "Қазақстан Республикасының спорт шебері" нормативін орындады.

Абдул-Маджид "WTT Youth Contender Batumi 2023" халықаралық турнирінің алтын жүлде иегері (Грузия), жастар арасында жұптық разрядтағы Қазақстан чемпионы, командалық есептегі ҚР Спартакиадасының қола жүлдегері, аралас және жұптық разрядтарда ұлдар арасында республиканың төрт дүркін чемпионы.

"Жоғары спорттық атағын орындағаныңыз үшін шын жүректен құттықтаймыз! Қол жеткізілген жеңістермен ешқашан тоқтамауды, сенімділікпен және оптимизммен алға ұмтылуды, күн сайын табысқа жетудің жаңа жолын табуды. Мықты денсаулық, барлық өмірлік игіліктер мен бақыт тілейміз!

Құрметпен, Республикалық үстел теннисі Федерациясының ұжымы, жаттықтырушылар Кеңесі, спортшылар".