Қазан қаласында Ресей үстел теннисі Федерациясы Суперлигасының 12 ерлер командалары арасында Құрлықтық чемпионатының екінші туры аяқталды. Құрамында Дениса Жолудев (суретте), Тимур Келбұғанов, Дастан Кенжеғұлов және Бекұлан Жамал сияқты ойыншылары бар қазақстандық ТТС «Астана» алты ойын өткізіп оның бесеуінде жеңіске жетті: «Луч-Владимир» (Владимир қ.) 3:1, «Родина» (Архангельск қ.) 3:1, «Есонт» (Павловский Посад қ.) 3:0, «Ратен-Мәскеу» 3:0, «ЦОП» (Краснодар қ.) 3:1. Жаттықтырушы Самат Бейсеновтың пікірі: «Балаларды турдың сәтті аяқталуымен құттықтап және оларға Қазан қаласында жақсы және сапалы ойын көрсеткендері үшін рахмет айтқым келеді. Тек «Планета-Университет» (Ухта қ. Коми Республикасы) клубына есемізді жіберіп алдық. Өте күйзеліске ұшыраған жеңіліс, өйткені Денис Жолудев және Дастан Кенжеғұлов 5-сеттік матчарда жеңістерін қолдарынан жіберіп алды. Жігіттеріміз еңсесін түсірмей қалған қарсыластарын жеңіп кетті. Екі турдың қорытындысы бойынша ТТС «Astana» үшінші орында келе жатыр».
Талап Қойбағаров