"Конья-Ыстамбұл-Алматы" әуе рейсімен оңтүстік астанаға 5-ші Ислам Ынтымақтастығы Ойындарының қатысушылары - Қазақстанның спортшылары ұшып келді. Үстел теннисінен турнирдің қола жүлдегері Денис Жолудев (Өскемен) әңгімелейді:
"Қатысушылар құрамы мықты болды - Иран, Сауд
Арабиясы, Түркия, Өзбекстан, Сенегал, Әзірбайжан құрамалары үшін халықаралық
аренада табысты өнер көрсететін атақты теннисшілер ойнады. Кең зал, заманауи үстелдер,
жанкүйерлер жағымды атмосфера жасады.
Жартылай финалда менің қарсыласым екі Олимпиада Ойындарының
қатысушысы Нима Аламиан (Иран) болды, мен оны 2018 жылы Швецияда өткен әлем
чемпионатында жеңген болатынмын. Бұл жолы сәттілік ирандық жақта болды. Ол
бірінші партиядан оңай өтті, өйткені менің тарапымнан көптеген қателіктер
жіберілді. Одан әрі матч тең болды, есеп үнемі бір жақтан, екінші жаққа ауысып
тұрды, нәтижесінде үшінші орынға ие болдым".
Талап Қойбағаров