Түрік жағалауы бізге қажет

11.10.2019

16 елдің 120 спортшысы курортты Бодрумда (Түркия) өткен ардагерлер арасындағы XVII халықаралық үстел теннисі турнирінде өнер көрсетті. Маңғыстау облысының БЖСМ аға жаттықтырушысы, Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, шетелдік жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері, Испания мен АҚШ-та өткен әлемдік чемпионаттардың қатысушысы Мақатай Рамазанұлы үздік нәтиже көрсетті. Біздің теннисшінің активінде екі күміс медаль - жеке разрядта және ресейлік Леонид Базаровпен жұптық сында. Құттықтаймыз!

Талап Қойбағаров