Грузиядан үш медаль

30.09.2026

Қарағандылық Альбина Жақсылықова (жаттықтырушысы - Эльмира Алиева) мен қостанайлық Жания Бекмұхамбетова (жаттықтырушысы - Юлия Даниярова) Тбилисиде (Грузия) аяқталып жатқан «WTT Youth Contender Tbilisi 2026» халықаралық турнирінің қола жүлдегерлері атанды.

Альбина U19 жас санатында қола медаль жеңіп алса, Жания U15 жас санатында үздік үштікке енді.

Еске сала кетейік, 28 қыркүйекте Жания Бекмұхамбетова U13 жас санатында чемпион атанып, турнирдегі жүлделер қоржынына тағы бір медаль қосты.

Талап Койбагаров