Үшінші жүлделі орын

06.10.2026

Каирде (Мысыр) өткен «WTT Youth Contender Cairo» халықаралық үстел теннисі турнирі аяқталды. U11 жас санатында қарағандылық Злата Стадник (жаттықтырушысы Татьяна Ким) қола жүлдеге ие болды. Құттықтаймыз!


Ол жарыс барысында мысырлық спортшылар Кинда Закарияны - 3:1, Фарида Әлколины - 3:0, Малак Әл-Шорбагиді - 3:1, Талия Морсиді - 3:0, Ревана Әлшаерді - 3:1 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда Пимьяда Чантарамалайға (Таиланд) 0:3 есебімен жол берді.



Талап Койбагаров