Төрешілік болмаса, ештеңке шықпайды

08.09.2022

Алдағы сейсенбіде "WTT Contender Almaty" бас төрешісі жарыстың басталуына белгі береді, содан кейін 6 күн ішінде оның әріптестері ойындарды бақылайды, нәтижелерді жазады, теннисшілердің, жаттықтырушылардың, көрермендердің белгіленген ережелерді сақтауын бақылайды. Төрешілік болмаса, ешқандай маңызды бәсекелестік болмайды. "ADD" Алматы үстел теннисі орталығында 10 шетелдік және 10 отандық төреші жұмыс істейді: Александр Перевалов (Алматы), Тимур Ходжаев (Қарағанды), Қарлығаш Ишкенбаева (Нұр-Сұлтан), Рашид Ғабиев (Сәтбаев), Владимир Кудинов (Қарағанды), Мағжан Тәжікеев (Нұр-Сұлтан), Игорь Диомидов (Алматы), Ши Пынчин (Алматы), Әділ Әбелдинов (Нұр-Сұлтан), Артём Орёл (Қарағанды).

Талап Қойбағаров