Төрешілердің корпусын толықтыру

05.09.2019

Спортта төрешілердің ролі өте жоғары. Оның шешіміне турнирдің нәтижесі, спортшының мансабы байланысты, ал төрешілердің объективтілігі мен бейтараптығы жарыстарды әділ өткізудің, әділ нәтижелердің кепілі болып табылады. Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясы чемпионаттарды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу мақсатында еліміздің облыс орталықтарында төрешілер бригадаларын қалыптастыру жөніндегі міндеттерді іске асырады. Қала, облыс және республика біріншіліктеріндегі жұмыс нәтижелері бойынша Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаевның бұйрығымен үстел теннисінен Владислав Кузьминге, Сарвар Назароваға, Руслан Мырзағалиев пен Гулчехра Хусейноваға ұлттық санаттағы төреші атағы берілді. Құттықтаймыз!

Талап Қойбағаров