25-28 шілде аралығында Алматыда алғаш рет үстел теннисінен "WTT Youth Сontender Almaty" Халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді, онда бес жас санатында әлемнің 13 елінен спортшылар қатысады. Бұл өкілдік іс - шараға 25 төреші - 2 шетелдік және 23 қазақстандық қызмет көрсетеді, бұл Халықаралық үстел теннисі федерациясының біздің төрешілерімізге, олардың кәсібилігіне деген жоғары сенімін көрсетеді.
"WTT Youth Сontender
Almaty" төрешілері:
Халед Заки (Египет), Мопкар Мангеш (Үндістан), Мағжан Тәжікеев,
Игорь Диомидов, Ши Пынчин, Владимир Кудинов, Артём
Орёл, Рашид Габиев, Рустам Мирасланов, Рұслан Мырзағалиев, Лаура
Табажанова, Егор Амельченко, Жоламан Өтен, Людмила Анисимова, Сәуле Мадачинова,
Рауан Гарифуллин, Дильназ Жалалдин, Гүлназ Жалалдин, Ислам Нұрсилаев, Нұртілеу Әмірәлиев,
Бекзат Әубәкіров, Азамат Көшкімбаев, Айман Қапарова, Арман Орынбай, Темірлан
Ким.
Турнирдің бас серіктесі @samrukkazyna_official компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры @samruk_kazyna_trust, сондай-ақ Туризм және спорт саласын қолдау қоры @sportqory атанды.
Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясы турнирді ұйымдастыруға көмектескен @akimat_almaty, демеушілер «ADD Capital», @kazakhmys_official, @halykbank.kz және ақпараттық серіктес @qazsport_official алғысын білдіреді.
Талап Қойбағаров