27 маусым мен 4 шілде аралығында Бангкокта (Тайланд) 25 елден келген спортшылардың қатысуымен үстел теннисінен 30-шы Азия жастар чемпионаты өтеді.
Төрешілер бригадасының құрамына «WTT Youth Contender Almaty 2023, 2024, 2025», «WTT Contender Almaty 2023, 2024, 2025», «Сentral Asian Olimpic qualifying tournament Tashkent 2024», «WTT Youth Contender Tashkent 2026» Астанадағы Азия чемпионаты, Астанадағы ҚР Президентінің Кубогының ірі жарыстарында көрсетілген тәжірибесі, кәсібилігі, жоғары біліктілігі және үздік нәтижелері негізінде іріктелген халықаралық санаттағы төреші Рустам Мирасланов (Шымкент) кірді.
Талап Қойбағаров

