Төрешілер біліктілік деңгейін көтерді

14.10.2025

"ADD Table Tennis Center Astana" орталығында төрт күн бойы "Gold Badge" халықаралық санаттағы төреші, XXXI Олимпиада ойындарының (Рио-2016), Әлем, Еуропа чемпионаттарының төрешілер корпусының мүшесі Елена Семёнованың және "White Вadge" халықаралық санаттағы төреші, XXXI Олимпиада ойындарының (Рио-2016), Әлем, Еуропа чемпионаттарының төрешілер корпусының мүшесі Алексей Герасимовтың басшылығымен спорт төрешілері мен төрешілерге арналған семинары өтті.

Оқу іс-шарасына Қазақстанның түрлі өңірлерінен 30 тыңдаушы қатысты.

Семинардың мақсаты-спорт төрешілерінің біліктілік деңгейін арттыру, тәжірибе алмасу және кәсіби дағдыларын жетілдіру.

Семинар бағдарламасына:

- ITTF үстел теннисінің өзекті ережелері бойынша теориялық сабақтар;

- практикалық жаттығулар және тестілеу;

- ойын жағдайларын талдау және наразылықтарды қарау;

- ТҚА және интеллектуалдық ерекшеліктері бұзылған спортшылар арасындағы матчтардың төрешілік ерекшеліктерін зерттеу;

- ұйымдастырушылық мәселелерді, жарыстарды өткізу тәртібін және төрешілердің рөлдерін бөлуді талқылау.

Практикалық тапсырмаларға, нақты ойын жағдайларын модельдеуге және "дөңгелек үстел" форматында тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.

Қатысушылар дайындықтың жоғары деңгейін және төрешілік шеберлігін арттыруға қызығушылық танытты. Оқу қорытындысы бойынша тыңдаушылар қорытынды тестілеуден өтті, төрешілер санаттарын беру және растау үшін міндетті шарт болып табылатын сертификаттар алды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясы ұйымдастырды.