Төрешілер алқасында жаңа басшы

07.02.2025

Айман Капарова Қазақстан Республикасы үстел теннисі Федерациясының төрешілер алқасының төрағасы болып сайланды. Құттықтаймыз!

Ол ITTF халықаралық санаттағы төреші, 2004 жылдан бастап үстел теннисінде, 2021 жылдан бастап төрешілікпен айналысады, біздің елімізде өткен - «WTT Youth Contender Almaty» (Алматы), «Turkiс Universiade» (Түркістан), 27-ші Азия чемпионаты (Астана) сияқты халықаралық турнирлерде жоғары кәсіби деңгейде жұмыс істеді, Қазақстан чемпионаты мен ашық командалық чемпионаттың, ҚР Спартакиадасының, республикалық турнирлердің матчтарына үнемі төрешілік етеді.

Айманға сәттілік тілейміз!


Талап Қойбағаров