Төрешілдіктің қыр-сырлары

03.12.2020

Нева жағалауындағы қалада тұратын Елена Семенова-жоғары білікті халықаралық төреші ("Blue Badge" санаты), Еуропалық үстел теннисі Одағының төрешілер комитетінің мүшесі, ол қазақстандық спорт төрешілеріне арналған онлайн семинарын өткізді және оларды ITTF төрешілер комитетінің соңғы талаптарын қоса алғанда, ойын алаңындағы жұмыстың түрлі қыр-сырларымен таныстырды. Онда келесі тақырыптар талқыланды - "Допты беру және қайтару ережелері", "Қайта ойнау", "Төрешілік қимылдар (допты дұрыс бермеу)", "Ойын киімі", "Жарнама (киімде, ойын алаңында)", "Лайықсыз мінез-құлық көрсету", "Жарыстың ресми тұлғаларына арналған рәсімдер" және тағы басқалар. Семинарға қатысушылармен кері байланыс режимінде Елена жарыстарда іс жүзінде кездеспейтін, бірақ оларға дайын болу керек жағдайларды егжей-тегжейлі талдады. Мысалы, ойын басталар алдында ойыншыларға кездесу өткізілетін үстелде екі минуттық жаттығу құқығы беріледі. Егер теннисшілердің бірі денені ширатудан бас тартса, онда оның қарсыласы команда бойынша жолдасын спарринг үшін шақыра алмайды.

Тағы бір жағдай: матч кезінде спортшы абайсызда үстелдің шетіне сәтсіз тигізіп ракетканың бір жағына зақым келтіріп алса. Ережеге сәйкес, ол оны басқасына ауыстыра алады, алайда ойында ол сол ракеткасымен бірге қалады және тек бұзылмаған жағымен ойнайды, өйткені "ақаулы жартысы" қарсыласына ыңғайсыздық тудырады - доп траекториясын өзгертеді, допты беру кезінде доп қатты айналады және т.б.

Және соңғысы. Егер қол сағаттың циферблаты ойын кезінде қарсыластың көзін қаратпайтындай етсе, төреші теннисшіден сағатты алып тастауды сұрауы керек.

Талап Қойбағаров