Тоғыз қазақстандық әлем чемпионатында өнер көрсетеді

28.02.2025

17-25 мамыр аралығында Катарда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтеді, онда спортшылар жеке есепте, ерлер мен әйелдердің жұптық разрядтарында, миксте (аралас жұптар) медальдар үшін күреседі.

Жекелей жарыстарда 128 теннисші, ал жұптық турнирлерде 64 жұп өнер көрсетеді. Қазақстанның атынан Катарда өнер көрсететіндер Кирилл Герасименко (жеке разряд), Айдос Кенжигулов/Санжар Жубанов (жұптық разряд), Сарвиноз Миркадирова/Зауреш Акашева (жұптық разряд), Владислав Захаров/Бакдаулет Акимали (жұптық разряд), Искадер Харки/Ангелина Романовская (микст).


Талап Қойбағаров