Шымкентте үстел теннисінің орталығында Қазақстанның ең мықты спортшыларының "ТОП-12" турнирі басталды. Бірден айта кетейін, бірқатар объективті, дәлелді себептер бойынша Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Зауреш Ақашева, Ангелина Романовская өнер көрсетпейді.
Бүгін жарысқа қатысушылар кіші топтарда жекпе - жектер өткізіп,
құрмет тұғырына қарай жалғасатын финалдық сегіздікті анықтады - бұлар Искандер Харки (3-тен 3 жеңіс, + 3), Денис Жолудев (+ 3), Айдос (+ 3) және Дастан Кенжеғұловтар,
Владислав Захаров, Сағантай Құрмамбаев, Санжар Жұбанов, Бақдаулет Акимали.
Әйелдер арасында - Сарвиноз
Мирқадирова (+ 3), Анастасия Лаврова (+ 3), Анель Бақыт (+ 3), Назым Серикбай,
Гузель Торшаева, Айя Алимбаева, Жанерке Кошкумбаева, Арай Ашкеева.
Жеңімпаз, жүлдегерлер ертең анықталады.
Талап Қойбағаров