Павлодар облысының Тереңкөл ауылында Оқушылар үйінің базасында үстел теннисінің арнайы залы ашылды, онда спорттың осы түрін сүйетіндер, кіші ракетканың жас (болашақ) шеберлері, барлық жастағы ардагерлер жаттығатын болады. Төрт үстел, қоршау кедергілері, есептегіштері бар төрешілер үстелі, ерлер мен әйелдердің шешінетін бөлмелері, санитарлық торап, ауа баптау жүйесі мұнда аудандық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Тереңкөлде теннисшілердің бірнеше буынын даярлаған тәлімгерлер Ермек Қытаев пен Зенур Алтынбаевтың шәкірттерінің арқасында осы зал ашылды.
Талап Қойбағаров