Тимур Ходжаев Қытайда

08.04.2026

Тайюань (Қытай) қалалық округінде әлемдік рейтингтің "ТОП-50"-не кіретін Қытай, Жапония, Швеция, Хорватия, Үндістан, Қытай гонконгы спортшыларының қатысуымен "WTT Contender Taiyuan" халықаралық турнирі өтіп жатыр.

Айта кетейік, төрешілер бригадасының құрамына жоғары халықаралық санатты төреші Тимур Ходжаев (Қарағанды) кірді.

Қазақстандықтың тәжірибелі болуынан, ірі жарыстарда көрсетілген тамаша нәтижелері негізінде іріктеліп алынды және бұл біздің төрешіміздің біліктілігінің жоғары деңгейі мен халықаралық танылуының дәлелі болып табылады.


Талап Қойбағаров