Тимур Ходжаев: "Чемпионат одан да қызықты болуы керек"

18.12.2023

2023 жылғы маусымдағы үстел теннисінен Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионаты (ҚРАКЧ) аяқталды. ҚРАКЧ ұйымдастыру комитетінің директоры, халықаралық санаттағы судья Тимур Ходжаевтың пікірі:

"Біздің теннис тарихымыздағы бұл ең өкілді чемпионат болып табылады, бес лигаға, бұрын үшеу ғана болған, 67 команда қатысып, жүлде қоры 8 млн.950 000 теңгені құрады. Біз алғаш рет бірден үш қалада ойнадық. ҚРАКЧ қатысушыларының шеберлік деңгейі артты. Егер бұрын Суперлигада тек екі команда бірінші орын үшін күрескен болса, қазір 4-5 команда. Әр лигада осындай жоғары бәсекелестік бар, сондықтан барлық матчтар қызықты, шиеленісті өтті.


Игорь Рубцов ("Қарағанды-1" ҮТК) ҚРАКЧ-2023 үздік жаттықтырушысы атанда, ал Иван Никулин ("Altay Pro", Өскемен) үздік ойыншы болып танылды.


2024 жылға арналған жоспарлар?

Жарыстар өткізу жүйесін жақсарту үшін қандай да бір өзгерістер болуы мүмкін. Ұйымдастыру комитетінің жиналысын өткіземіз, пікірлерді, ұсыныстарды, тілектерді тыңдаймыз және чемпионатымыздың одан да қызықты болуына мүмкіндік беретін шешім қабылдаймыз.


Талап Қойбағаров