Тимур Ходжаев Азия жастар чемпионатына төрелік етеді

06.05.2025

2025 жылғы 26 маусым мен 2 шілде аралығында Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен XXIX жастар Азия чемпионаты өтеді және халықаралық төрешілер корпусының құрамына Қазақстан өкілі Тимур Ходжаев (Қарағанды) кіреді.

Ол біздің еліміздегі «Blue Вadge» жоғары білікті төрешісі, ATTU (Азия Үстел Теннисі Одағы) техникалық және төрешілер комитетінің мүшесі, ITTF Grand Finals Astana 2017 ширек финалының, ITTF Kazakhstan International Open Karaganda 2021, WTT Contender Almaty 2022 финалдық ойындарының, WTT Youth Contender Linz 2023, WTT Youth Contender Almaty 2024, WTT Contender Almaty 2024, Қытайдағы 2024 Азия жастар чемпионаты, Астанадағы 2024 Азия чемпионатының жетекші төрешісі болды.


Талап Қойбағаров