Тимур Ходжаев Азия Кубогында

03.02.2026

Азия үстел теннисі Одағы (ATTU) Қазақстан Федерациясына жоғары халықаралық санаттағы төреші Тимур Ходжаевтың (Қарағанды) Хайнань аралындағы Хайкоу қалалық округінде (Қытай) 4-8 ақпан аралығында өтетін 35-ші Азия Кубогының төрешілер бригадасының құрамына енгізілгені туралы хабарлады.

Қазақстандық мықты тәжірибе, ірі жарыстарда көрсетілген тамаша нәтижелер негізінде іріктеліп алынды және бұл біздің төрешінің біліктілігін мойындағанын айғақтайды.


Талап Қойбағаров