Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында тәжірибелі тәлімгерлер Дмитрий Левенко (Австрия), Дмитрий Переверзев (Қазақстан), Евгений Тимченко (Қазақстан), Самат Бейсенов (Қазақстан), Сюн Таоның (Қытай) жетекшілігімен еліміздің ұлттық, жастар және жасөспірімдер командаларының оқу-жаттығу жиыны (ОЖЖ) өтуде. Оқу-жаттығу жиынының басты мақсаты - спортшыларды алдағы жарыстарға білікті және сапалы дайындау. Жаттықтырушылар жиындарда не нәрсеге ерекше назар аударады?
- Жаттығудың басынан аяғына дейін барлық соққылар
техникалық тұрғыдан дұрыс орындалуы қажет.
- Жақсы техника - бұл ойын кезінде аз қиындық туғызады және
мұнда үдемелі соққыға, күшті топ-спинге, допты нақты бір жылдамдықпен және
айналдырумен дұрыс нүктеге бағыттау қабілетіне назар аударылады.
- Допты соғу нүктесіне жақындаудың дұрыстығы және т.б.
ОЖЖ 15 желтоқсанға дейін жалғасады.
Талап Қойбағаров