Верхняя Пышма қаласында (Ресей Федерациясының Свердлов облысы) Ресейдің 26 өңірінен, сондай-ақ Қазақстаннан Орал тау-кен металлургия компаниясының 20 жылдығына арналған 2008-2012 жылдары туылған 128 ер балалар мен қыздар арасында үстел теннисінен "UGMK-OPEN" халықаралық турнирі басталды. Жарыстың салтанатты ашылуында қатысушыларды Свердлов облысының дене шынықтыру және спорт министрінің орынбасары Андрей Зяблицев, Верхняя Пышма қалалық округ әкімшілігі басшысының орынбасары Павел Выгодский, "ОТМК-Холдинг" ЖШҚ директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Алексей Смирнов және Свердлов облыстық үстел теннисі федерациясының төрағасы Сергей Литовкин құттықтады.
"UGMK-OPEN" айналмалы жүйе бойынша өтіп, әр
спортшы 15 матчта өнер көрсетеді. Бірінші күннен кейін қазақстандықтардың көрсеткіштері келесідей: Виктория
Мочалкина (4 Жеңіс - 0 жеңіліс), Дарья Гамова (2:2), Дарья Фу (0:4), Полина
Сиротина (0:4), Алиса Кошелева (0:4), Нұржігіт Жолдыбай (2:2), Рамазан Нәзір
(2:2), Нұрислам Қасым (0:4), Дінмұхаммед Қасенов (1:3), Нұржан Нұрымбетов
(0:4).
Талап Қойбағаров