"Saryarka" Қарағанды үстел теннисі орталығында Қазақстанның Жастар спорттық ойындары бағдарламасындағы кіші ракетка шеберлерінің турнирі өтуде. 19 мамырда командалық есептегі медальға үміткерлердің барлығы анықталды, күннің кейіпкері Темірлан Ким (Қарағанды) болды. Алдымен ол жартылай финалға шығу үшін Жамбыл облысына қарсы ойында шешуші жеңіске жетті. Содан кейін финалға шығу үшін ол шымкенттік спортшылармен шайқасып, тағы да жеңіске жетті. Бейсенбі күні Темірлан Ким, Алан Құрманғалиев, Әмір Торғайбеков, Ерғанат Сапар, Еркебұлан Кескінбаев 1-орын үшін жекпе-жекте Батыс Қазақстаннан Айдос Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Дамир Мэлсов, Нұрдәулет Нұғаймен ойнайды. Қола медальдарды Шымкент пен Шығыс Қазақстан облысының теннисшілері сарапқа салады. Қыздар арасында чемпион атағы үшін күресті Қарағанды (Зәуреш Ақашева, Александра Смирнова, Арай Әшкеева, Жанерке Көшкімбаева, Альбина Жақсылықова) және Шымкент (Сарвиноз Мирқадірова, Анель Бақыт, Озода Азатова, Сарвиноз Саидмұратханова, Таңшолпан Шапей) жүргізеді. Үшінші орынды Нұр-Сұлтан қаласы немесе батысқазақстандықтар алады.
Талап Қойбағаров